Бахрейн режимінің соты шейх Әли Салманды азат ету туралы өтінішті қабылдамады
https://itolqyn.com/news/west_asia-i15526
Бахрейн режимінің Аппеляциялық соты осы елдің «әл- Вефақ» жамиғатының бас хатшысы шейх Әли Салманды азат ету туралы өтінішті қабылдамады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаз 03, 2016 20:18 Asia/Almaty
  • Бахрейн режимінің соты шейх Әли Салманды азат ету туралы өтінішті қабылдамады

Бахрейн режимінің Аппеляциялық соты осы елдің «әл- Вефақ» жамиғатының бас хатшысы шейх Әли Салманды азат ету туралы өтінішті қабылдамады.

Бахрейн режимінің аппелициялық соты дүйсенбі күні шейх Әли Салманды азат ету туралы өтінішті қабылдамай, оған тағылған негізсіз айыпты қарастыратын күн ретінде 17-ші қазанды белгіледі. Бахрейннің «әл- Вефақ» жамиғатының бас хатшысы шейх Әли Салман 2015 жылдың шілде айында негізсіз айыппен төрт жыл түрмеге кесілген болатын. Үкімді адам құқығын қорғаушы топтар қатаң сынады.

Бахрейн соты таяуда осы үкімді 9 жылға ұзартты. Бахрейндегі ең үлкен қарсылас топ «әл-Вефақ» жамиғатының түрмеде қамауда отырған бас хатшысы шейх Әли Салман жуықта БҰҰ- ның адам құқығы кеңесіне қаратып айтқан үндеуінде Бахрейннің шиіттерге қарсы басып-жаншу шараларының ұлғаюына куә болып отырғанын мәлімдеді.

Халифе әулеті режимі  соңғы жылдары көптеген саяси белсенділер мен үлемдерді және діни қайраткерлер мен халықты құрықтап, түрмеге қамады.