«Фатх уш-Шам» басшыларының бірі Абулфарадж әл-Месри өлтірілді
«Фатх уш-Шам» басшыларының бірі Абулфарадж әл-Месри Сирияның Идлиб облысына жасалған әуе шабуылдары барысында өлтірілді.
Mehr ақпарат агенттігінің «Russia al-Yaum» ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, «Фатх уш-Шам» тәкфирлік тобы дүйсенбі күні осы лаңкестік топтың айтулы басшыларының бірі Абулфарадж әл-Месридің Сирияның Идлиб облысына жасалған әуе шабуылдары салдарынан өлтірілгенін хабарлады.
Кімге тиесілілігі әлі анықталмаған бір әскери қырғи ұшақ Идлиб облысының Джәср әш-Шуғур деген жерінде осы лаңкес басшыны тасымалдап бара жатқан көлікті 2 зымыранмен нысанаға алып, оның өліміне себеп болды.
Осындай жағдайда АҚШ-тың Қорғаныс министрі мәлімдеме жасап, Вашингтон басқаратын ДАИШ-ке қарсы халықаралық коалиция қырғи ұшақтарының осы лаңкес басшыны нысанаға алғанын хабарлады.