Иран Ирак халқы мен үкіметін қолдайды
https://itolqyn.com/news/west_asia-i15631
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Төрағасы: «ИИР-ның Иракқа қатысты саясаты бұл елдің территориялық біртұтастығын, ирактық сүннит, күрд және шиіт топтарының бірлігі мен өзара тілеулестігін қолдауға негізделген»,- деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаз 05, 2016 15:03 Asia/Almaty
  • Иран Ирак халқы мен үкіметін қолдайды

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Төрағасы: «ИИР-ның Иракқа қатысты саясаты бұл елдің территориялық біртұтастығын, ирактық сүннит, күрд және шиіт топтарының бірлігі мен өзара тілеулестігін қолдауға негізделген»,- деді.

ИРНА-ның мәліметі бойынша, Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Төрағасы Әли Лариджани сейсенбі күні Ирактың Барлау қызметінің басшысы Мұстафа Каземимен Теһрандағы кездесуінде: «Ирак жергілікті топтарының арасындағы бірлігі және біртұтастығымен қазіргі қиындықтарын шеше алады»,- деді. Ислам Кеңесі Мәжілісінің Төрағасы аймақ мемлекеттері, соның ішінде Ирактың бөліну қатеріне тоқталып: «Батыс басшыларының кейбіреулері мемлекеттерді бөліп, аймақтың мәселелерін шешеміз деп ойлайды. Бұл қате пікір. Сондықтан бүкіл күшті жұмылдырып,  Ирактың ұлттық бірлігі мен территориялық біртұтастығын қорғау қажет»,- деп баса айтты.

Ирактың Барлау қызметінің басшысы да ИИР-ның Ирак үкіметі мен халқына көрсетіп отырған жан-жақты қолдауы мен гуманитарлық көмектеріне алғыс айтып: «Ирактық күрескерлердің ДАИШ лаңкестерімен күресу жігері күннен күнге артуда. Жақын келешекте Иракта тұрақтылық пен тыныштық орнатылады»,- деді.