Сионистік режим "Зейтуне" кемесіне шабуыл жасады
Сионистік режим қоршауды бұзу үшін Газаға жол тартқан "Зейтуне" кемесіне шабуыл жасады.
Tasnim ақпарат агенттігінің "Russia al-Youm"-ге сілтеме жасап хабарлауынша, сионистік режимнің әскерилері сәрсенбі күні қоршауды бұзу үшін Газаға жол тартқан «Зейтуне» кемесіне Газа секторының жағалауларына жақын маңда шабуыл жасаған.
«Зейтуне» кемесінің экипажы сионистік режимнің соғыс кемелерінің басып алу мақсатында кемеге шабуыл жасағанын баса айтты.
Бұл жағдай қоршауды бұзу ісімен айналысатын ұйымдар Израиль осы кемеге шабуыл жасамас бұрын аталмыш кемемен байланыстың үзілгенін хабарлаған жағдайда орын алып отыр.
Газа қоршауын бұзу халықаралық комитетінің төрағасы Захер Бирави «Зейтуне» экипажының құрамында азаматтары бар үкіметтерден Израильдің осы кемеге шабуылы мен «Мармара» кемесінде орын алған қылмыстың қайталануына тосқауыл қоюды сұрады.