Ирак Түркияның шапқыншылығына қатысты Қауіпсіздік Кеңесіне талап қойды
Қаз 06, 2016 20:13 Asia/Almaty
Ирак СІМ БҰҰ- ның Қауіпсіздік Кеңесінен Түркияның Ирак солтүстігіне күш аттандыруға ұмтылысын қарастыру үшін төтенше отырыс өткізуді сұрады.
Ирактың үкімет басшысы Хайдер әл- Абади Түркияның Ирактың солтүстігіндегі шараларының аймақтық соғыстың орын алуына себеп бола алатынын ескертті. Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Ирак үкіметінің талабына қайшы Түркия армиясы Мосулды ДАИШ басқыншылығынан азат ету қимылдарына қатысады деп мәлімдеді.