Газаның шығысында 5 палестиналық жараланды
Қаз 08, 2016 17:00 Asia/Almaty
Газа қаласының шығысында 5 палестиналық сионистік режимнің оғынан жараланды.
ИРНА-ның al-Mayadeen хабар арнасына сілтеме жасап хабарлауынша, сионистік басқыншы әскерилер жұма күні Газа қаласының шығысындағы әл-Баридж лагерінің шығысында орын алған қақтығыстарда палестиналық тұрғындарға оқ атып, 5 адамды жаралады.
Осы мәліметке сәйкес, шерушілердің бір тобы жас ағызатын газ салдарынан зардап шеккен.
Палестиналық жастар өткен жылы қазан айында басталған Құдс интифазасынан бері әр аптаның жұма күні Газаның шығысындағы түрлі аймақтарда шеру ұйымдастырады.
Палестина жері өткен бір жылда сионистік режимге қарсы интифазаның жаңа толқынына куә болып отыр.
Тегтер