Иран БАӘ-нің Сыртқы істер жөніндегі кеңесшісінің сөзіне реакция білдірді
(last modified Sat, 08 Oct 2016 11:33:11 GMT )
Қаз 08, 2016 17:33 Asia/Almaty
  • Иран БАӘ-нің Сыртқы істер жөніндегі кеңесшісінің сөзіне реакция білдірді

ИИР-ның СІМ-нің ақпарат хатшысы БАӘ-нің Сыртқы істер жөніндегі кеңесші-министрінің Иранның Йеменге қару жөнелту туралы сөздерін теріске шығарды.

Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Бахрам Ғасеми жұма күні кешке БАӘ-нің Сыртқы істер жөніндегі кеңесші-министрі Анвар Каркаштың Иранға қарсы сөздеріне реакция юілдіріп: "Соғыстың салдарларына шыдамайтын елдер арандатушы саясаттардың құрсауына түсіп қалмасын. Йеменнің қорғансыз халқына қарсы соғыс ашқан елдер осы елдегі түрлі қылмыстар мен зорлық-зомбылық басталғаннан бір жарым жыл өткеннен кейін өздерінің жеңілісін осындай уәждермен ақтауға тырысуда" деп мәлімдеді. 

Сауд Арабиясы кейбір араб елдерінің, соның ішінде БАӘ-нің әріптестігімен 2015 жылдың 26 наурыз күні Йеменге қарсы ауқымды шабуылдарды бастаған болатын.