Иранның Қорғаныс министрі Саудия билеушілерін соттауды қуаттады
Иран ислам республикасының Қорғаныс және қарулы күштерді қолдау министрі Саудия билеушілерін Йеменде соғыс қылмыстарын жасап отыр деп айыптады.
ИРНА- ның хабарлауынша, Иранның Қорғаныс және қарулы күштерді қолдау министрі бригада генералы сардар Хосейн Деһқан жексенбі күні Сауд әулеті режимінің Санада Йемен халқының аза тұту рәсімін бомбалау қылмысына көрсеткен реакциясында «Саудия билеушілері соғыс қылмыскерлері ретінде сотталып, жазалануы керек.
Саудия режимі Йеменнің қорғансыз халқына қарсы өзінің жабайы сипатты шараларының жалғасында кешіруге келмейтін қылмыс жасады. Осы әрекет әлем үкіметтері мен халықтары тарапынан жауапсыз қалмауы керек. Кімде кім осы әрекетке қатысты үнсіздік танытса, Сауд әулеті режимінің қылмысына серіктес болып табылады» деді.
Йемендік және өзге хабар көздерінің мәлімдеуінше, арабстандық қырғи ұшақтарының сенбі күні түстен кейін Йемен астанасы Сананың оңтүстігіндегі аза тұту рәсіміне жасаған шабуылдарынан 700 адам өліп, жараланды.