Йеменде Саудия режиміне қарсы халықты жұмылдыру қажеттігі қуатталды
Сауд Арабиясының Йеменде жасаған қауіпті қылмысынан кейін осы елдің ғұламалары қоғамы Саудия режиміне қарсы халықты жұмылдыруды жариялауды сұрады.
Ливандық «әл-Аһд» торабының жексенбі күнгі мәлімдеуінше, Санадағы Йемен ғұламаларының қоғамы мәлімдеме жариялап, Саудия қырғи ұшақтарының Санада 700- ден астам адамның өлуі мен жаралануына соқтырған аза тұтушыларға жасаған қауіпті қылмыстық әрекетін айыптап, Саудия режиміне қарсы халықты жұмылуға шақырып:
«Йемен армиясы мен халықтық күштері Саудия режимінің қылмыстарына жауап беруде маңызды рөлге ие. Саудия режимінің Санадағы жаңа қылмысына тезірек өткір әрі батыл жауап беру керек. Бұдан былай қару ұстауға шамасы келетін әрбір йемендік үшін Саудия шапқыншыларына қарсы жиһадқа шығу уәжіп, тіпті тұруға шамасы келмейтін, бірақ қару ұстай алатын кісілерге де Саудия режиміне қарсы жиһадқа шығу уәжіп саналады» деді.