ДАИШ Ирактың солтүстігінде қылмыстарын жалғастыруда
(last modified Mon, 10 Oct 2016 02:48:24 GMT )
Қаз 10, 2016 08:48 Asia/Almaty
  • ДАИШ Ирактың солтүстігінде қылмыстарын жалғастыруда

ДАИШ тәкфирлік лаңкестері Ирактың солтүстігіндегі Киркук қаласының 12 тұрғынын ДАИШ-пен күресте Ирак армиясымен ынтымақтастық жасады деген айыппен бульдозермен басып, паршалап өлтірді.

Нейнава облысындағы «әл- Ғияре» мұнай кенішінің төрағасы Салех әл- Жәбури ДАИШ лаңкестік тобының қолдан жасалған бомбалармен Ирактың солтүстігіндегі Мосул қаласының оңтүстігіндегі «әл- Ғияре» аймағында екі мұнай ұңғымасын жарып жібергенін хабарлап: «Ән- Наджме» мұнай кенішінің кейбір бөлімдері ДАИШ лаңкестік тобының қарамағында. Олар шикі мұнай контрабандасымен айналысуда" деді.

 

Тегтер