Лариджани Сауд режимінің Санадағы қылмыстарын айыптады
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Төрағасы Йемен Парламентінің Төрағасына жіберген жолдауында саудиялық қырғи ұшақтардың Санаға жасаған шабуылының салдарынан қаза болған құрбандардың отбасылары мен Парламент Төрағасына көңіл айтты.
Ислам Кеңесі Мәжілісінің ақпарат агенттігінің мәліметінше, Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Төрағасы Әли Лариджани жексенбі күні Йемен Парламентінің Төрағасы Яхья Әли әр-Рааиге жолдаған хатында Сауд режимінің Сананың оңтүстігіне жасаған шабуылын айыптауымен бірге: «Сауд Арабиясы халықаралық құқықтарды әшкере түрде бұзып, адам құқығына қатысты ең үлкен қылмысты іске асырды. Әлем тағы да саудиялық қырғи ұшақтардың Санада аза рәсімдері өтіп жатқан мекенге жасаған шабуылдарының куәсі болды. Бірақ адам құқығы туралы уәж айтатын кейбір мемлекеттер мен халықаралық қауымдастық үнсіздік танытып отыр»,- деді.
Иран Мәжілісінің Төрағасы жолдауында Теһранның Йеменнің Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай халықаралық комитетімен келісіп, жараланғадарды емдеуге дайындығын жариялады.