ХАМАС қозғалысы Израиль тарапынан кез- келген ықтималды әрекетке жауап қайтаратынын қуаттады
(last modified Tue, 11 Oct 2016 04:06:06 GMT )
Қаз 11, 2016 10:06 Asia/Almaty
  • ХАМАС қозғалысы Израиль тарапынан кез- келген ықтималды әрекетке жауап қайтаратынын қуаттады

Палестина исламдық қарсыласу қозғалысының (ХАМАС) саяси бюросының мүшесі осы қозғалыстың сионистік режим тарапынан кез- келген қылмыстық шабуылға кесімді жауап қайтаратынын қуаттады.

ХАМАС қозғалысы басшыларының бірі Махмуд әз- Заһар: «Егер сионистер аймақта жаңа соғыс ашуды мақсат етсе, Палестинаның қарсыласу қозғалысы осы шайқасқа кірісуге дайын» деді. Палестиналық басшы сионистік режимнің Соғыс министрі Авигдор Либерманның Газаға соққы беру үшін осы аймаққа қарсы жаңа шапқыншылықтар туралы есептерін атап көрсетіп: «Ол Израильдің қоғамдық пікіріне Газада қарсыласу қозғалысының түрлі бекіністеріне соққы берілді деп түсіндіруді көзеуде.  

Газа секторының жаулап алынған жерлермен шекарасындағы кез- келген текетірес сионистік қалашықтардың мыңдаған тұрғынының қашып кетуіне себеп болады. Сондықтан сионистік жау қалашықтар тұрғындарының тыныштығы үшін кез- келген жаңа соғысқа кірісуден бой тартады» деді.

 

 

Тегтер