Ашура күні йемендіктер ауқымды шеру өткізді
(last modified Thu, 13 Oct 2016 11:58:40 GMT )
Қаз 13, 2016 17:58 Asia/Almaty
  • Ашура күні йемендіктер ауқымды шеру өткізді

Мыңдаған йемендік Ашура күні ел астанасы Сана қаласында «Зұлымдықты жою» ұранымен шеру өткізді.

Fars ақпарат агенттігінің al-Masirah агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, мыңдаған йемендік сәрсенбі күні түстен кейін Йеменнің Ансаролла қозғалысының бас хатшысы Абдулмалек Бадреддин әл-Хусидің шақыруымен  шеру өткізіп, Сауд Арабиясы мен АҚШ-тың Йемен халқына қарсы қылмыстарын, әсіресе жуырда Санада жасаған қылмысын қатаң  айыптады.  

Шерушілер осы шеруге Йеменнің туымен қоса, «Ләббайк, я, Хосейн» деп жазылған байрақтар, сондай-ақ, Хезболланың бас хатшысы сейіт Хасан Насролланың суреттерін алып шықты.

Абдулмалек әл-Хуси өткен жексенбі күні Йеменнің барша халқын Санадағы Ашура шеруіне қатысуға шақырған болатын.

Сенбі күні саудиялық қырғи ұшақтар аза тұту рәсімдерін өткізу үшін Санадағы бір үлкен залға жиналған йемендік азаматтарды нысанаға алды. Соның салдарынан жүздеген адам жараланып, шәһид болды.    

Тегтер