Амир Абдоллахиян: Иран Қарсыласу қозғалысын айбынмен қолдайды
Иран Ислам Кеңесінің Мәжілісі төрағасының халықаралық істер бойынша арнайы көмекшісі Иранның Қарсыласу қозғалысына айбынмен қолдау танытатынын мәлімдеді.
Иран Телерадио бірлестігінің мәліметі бойынша, Амир Абдоллахиян Теһранда тұратын ағылшын тілдес топпен өткен Аби Абдолла Хосейннің (ғ.с) мен хазіреттің адал серіктерін аза тұту рәсімінде сөйлеген сөзінде «Біз айбындылық және қатты дауыспен Сирияның Қарсыласу өзегін қорғауды жалғастырамыз. Еш күмәнсіз, Хосейн (ғ.с.) мен Зейнап (ғ.с) және пәк пәк имамдардың өмір жолдарына көңіл аудару аймақ халықтарын, әсіресе Сирия мен Ирак және Йемендегі діни бауырларымыз бен қарындастарымызды терроризм мен сионизммен күресте жеңіске жеткізеді. Шәксіз, Бахрейннің мазлұм халқы өз құқықтарына қол жеткізеді. Заңсыз Израиль режимінің аймақтың картасынан жойылып, сүйікті Құдстың азат етілетіндігіне сенімдіміз. Америка мен Сауд Арабиясының Йеменге бірлесіп жасаған шапқыншылығы жеңіліс тауып, аймақты қауіпсіздік және тұрақтылықпен толық қамтамасыз ету үшін өз талпыныстарымызды жалғастырамыз. Бұл – Кербала шәһидтерінің жолдауы мен ресалаты» деді.