Қаз 16, 2016 19:27 Asia/Almaty
  • Әл-Абади: Түркияға Мосулды азат ету амалдарына қатысуға рұқсат бермейміз

Ирактың Премьер-министрі Түркия күштеріне Мосулды азат ету амалдарына қатысуға ешбір жағдайда рұқсат бермейтіндіктерін мәлімдеді.

Al-Alam телеарнасының хабарлауы бойынша, Ирактың Премьер-министрі Хайдер әл-Абади сенбі күні Анкараның осы ел күштерінің Нейнава облысының орталығы Мосулды азат ету амалдарына қатысатыны туралы мәлімдемесін теріске шығарып: «Ешкім Анкарадан осы мәселеге араласуын сұраған жоқ»,-деді.

Әл-Абади осындай күмәнді араласушылықтарды қабылдауға келмейтіндігі мен Ирак үкіметінің мұндай істің атқарылуына жол бермейтіндігіне тоқталып: «Ирак халқы өз жерін лаңкестердің басқыншылығынан  азат еткісі келеді. Ирактықтар Мосулда өздері жалғыз соғысады. Ешбір бөгде күш Мосулды азат етуге қатыспайды»,-деді.

Түркия 2015 жылдың аяғынан бері өзінің жүздеген әскериін күрдтердің «Пишмарге» күштерін әскери дайындықтан өткізу және лаңкестермен күресу сылтауымен заңсыз түрде Нейнава облысының орталығы Мосулдағы Башиқа базасына орналастырып келеді.

 

  

Тегтер