Иран Парсы шығанағы ынтымақтастық кеңесінің мәлімдемесіне реакция білдірді
(last modified Sun, 16 Oct 2016 14:08:44 GMT )
Қаз 16, 2016 20:08 Asia/Almaty
  • Иран Парсы шығанағы ынтымақтастық кеңесінің мәлімдемесіне реакция білдірді

ИИР СІМ Таяу шығыс аймағындағы дағдарыстың тамырын кейбір елдердің үстемдікке ұмтылуы мен олардың лаңкестік және реакцияшыл топтарды қолдауының салдары деп атады.

ИИР СІМ Парсы шығанағы ынтымақтастық кеңесіне мүше елдер мен Түркия Сыртқы істер министрлерінің эр-Риядтағы мәлімдемесіне реакция білдіріп: «Сирия, Йемен, Бахрейн, Ирак пен Ливиядағы өкініш тудыратын жағдай – осы кеңестің уәждеріне керісінше эр-Риядта бас қосқан көптеген елдердің араласуының салдары. Бұл елдер өздерінің жеңілген саясаттарын ақтаудың жолын басқаларды, соның ішінде Иранды айыптау деп санайды»,-деп хабарлады.

Парсы шығанағы ынтымақтастық кеңесіне мүше елдер мен Түркияның  Сыртқы істер министрлері бейсенбі күні, 13 қазанда эр-Риядта аймақтық өзгерістер жөнінде мәлімдеме жариялады. Оның бір бөлігінде Иран араб елдерінің істеріне араласады деп айыпталған.

Дәл қазір Түркия мен Сауд Арабиясының әскерилері заңсыз түрде Сирия мен Иракта орналасқан жағдайда және Парсы шығанағы ынтымақтастық кеңесіне мүше Катар мен БАӘ сияқты елдердің Сирия, Ирак пен Ливиядағы лаңкестер мен белсенді жалдамалыларға қаржы және қару-жарақ тұрғысынан қолдау көрсетіп отырғанын ашық түрде жариялаған жағдайда бұл мәлімдемеде Иран Ирак, Йемен мен Сирия дағдарыстарына араласады деп айыпталып отыр.

Парсы шығанағы ынтымақтастық кеңесі осыдан бұрын «Иран йемендік күштерге қару-жарақпен қолдау көрсетіп отыр» деген уәждерін айту арқылы «Араб коалициясы» деп аталатын топтың Йеменнің жазықсыз халқына басқыншылығын түсіндіруге тырысты.  Парсы шығанағы ынтымақтастық кеңесіне мүше барлық елдерден тұратын басқыншылар коалициясының Йеменді қолдайтыны туралы және Иранның аймақ істеріне араласуы туралы уәждері Йеменнің көгі мен оның оңтүстігі мен батысындағы жағалаулары  басқыншылар коалициясы күштерінің қоршауына алынып, бұл күштер тіпті Йеменге гуманитарлық көмектер жіберуге тосқауыл қойып отырған жағдайда айтылып отыр.

Мұнымен қоса, бұл коалицияның ең қанды шабуылы өткен сенбі күні аза тұту рәсімінде орын алды. Онда кемінде 900 қарапайым адам қаза болып, жараланды. Сол себепті осы кезеңде Иранды аймақтық дағдарыстарға араласады деп айыптаудағы мақсаттардың бірі қоғамдық пікірді Сауд Арабиясы бастаған басқыншы коалицияның Йемендегі  соңғы қылмысына емес, Иранға аудару болып табылады.

АҚШ пен Түркияның қолдауына сүйенген Араб коалициясының күштері соңғы айларда Ирак, Сирия мен Йемендегі соғыс майдандарында жеңіліске ұшыраған сайын бұрмалайтын мәселелер тудырып, Иранға айып тағу және өз кінәсін өзгеге жабу арқылы өздерінің Сирия мен Йемендегі қылмыстарын жалғастыруға сылтау іздеп келеді.

Олар өз кінәсін өзгеге жабуда сыртқы факторларды осы жеңілістердің себебі деп атайды, алайда бұл жеңілістердің себебі аймақ халықтарының  тәуелсіздік пен беріктікті қалауы болып отыр.  Ирак, Сирия мен Йеменнің халықтары әскери және саяси қысымдарға қарамастан Сауд Арабиясы мен АҚШ сияқты шетелдік күштердің  үстемдігінен босап шығу үшін күресуге белді бекем буып отырғандарын дәлелдеді. Бұл жолда ешбір күш оларға төтеп бере алмайды.