Түркия «ән- Носрат» майданы күштерінің Халебтен шығуын талап етті
Түркия Сыртқы істер министрі «ән- Носрат» майданы күштерінің Сирияның Халеб қаласынан шығуын талап етті.
«Almayadeen» телеарнасының хабарлаунша, Мевлют Чавушоглу жексенбі күні: ««Ән- Носрат» майданы тез арада Сирияның Халеб қаласынан кері шегінуі керек. Сириялық қарсыластар «ән- Носрат» майданынан бөлінуі керек» деп, сириялық сұхбаттарды қайтадан бастаудың, лаңкестікпен күресу және қоршаудағы аймақтарға гуманитарлық көмек жеткізудің қажеттілігін қуаттады.
Мамандардың пайымдауынша, Түркия лаңкестікпен күресте екіұшты стратегия ұстанып, қоғамдық пікірді алдау арқылы Анкараны осы құбылыспен күресте шынайы деп көрсетуге тырысуда. Алайда Түркия тәкфирлік топтарға, соның ішінде Сирия мен Ирактағы ДАИШ және «ән- Носрат» майданына қаржылай, әскери демеушілік жасаумен осы елдердің заңды үкіметтерін құлатуға күш салуда.