Мосулды қайтару үшін жан-жақты әрекеттер басталды
Ирактың әскери және халықтық күштері Мосулды босату үшін ДАИШ тәкфіршілерінің позицияларына қарсы шабуылдарын бастады.
«Әл-Әлам» ақпарат арнасының мәліметі бойынша, Ирак Премьер-министрі Хейдар Абади Мосулды ДАИШ бақылауынан қайтару бұйрығын жариялауынан кейін бұл елдің қауіпсіздік күштері Хашад әл-Шааба және Пишмарге күштерінің қолдауымен бұл қаланың әртүрлі аймақтарындағы ДАИШ-тың позицияларына қарсы кең ауқымды шабуылдарын бастады.
Осыған орай әрекеттердің басталуы туралы жарияланысымен ирактық және Пишмарге күштері Мосулды бомбалауды бастады. Хашад әл-Шааба күштерінің артилериясы ДАИШ-тың Мосулдың оңтүстігіндегі туннельдері мен қамалдарын зымыранмен атқылады. Куә адамдар ДАИШ басшылары мен олардың жанұяларының Сирияның эр-Ракке қаласына қашқаны туралы хабарлады.
Әскери көздер Мосулды азат ету әрекеттерінің басты мақсатының белгілі екендігін, сондықтан әрекет күштерінің осы мақсатқа шоғырланғанын хабарлады. Арнайы әрекет күштері мен Пишмарге күштері Навраннан Мосулдың шығысындағы әл-Шалалат аймағына қарай бет алды.