Газада қатерлі ісік ауруы таралуда
Қаз 17, 2016 20:46 Asia/Almaty
Газадағы «әш- Шафа» үкіметтік ауруханасының қатерлі ісік аурулары бөлімінің бастығы Халед Сабет Газада жылына 1600 қатерлі ісікке шалдығу фактісінің тіркелетінін хабарлап:
"Газада қатерлі ісікке шалдыққандардың саны айына 120 адамнан асады. Біз лас тағамдар тұтынудың салдарынан қатерлі ісіктің кейбір түрінің ұлғаюына куә болып отырмыз. Қолда бар деректер Израильдің 2008 жылы Газа соғысы барысында Газаны бомбалау үшін ураны бар 70 тоннадан астам бомба пайдаланғанын көрсетеді. Сол бомбалар егістік жерлердегі өнімдерді бүлдірген" деді.
Тегтер