Шейх Салманды қамау үкімі бұзылды
https://itolqyn.com/news/west_asia-i16306
Бахрейн соты осы елдегі ең үлкен қарсылас қозғалыстың жетекшісін қамау үкімін бұзды.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаз 17, 2016 20:50 Asia/Almaty
  • Шейх Салманды қамау үкімі бұзылды

Бахрейн соты осы елдегі ең үлкен қарсылас қозғалыстың жетекшісін қамау үкімін бұзды.

«Франц Пресс» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Бахрейннің Апелляциялық соты дүйсенбі күні Бахрейндегі ең үлкен шиіт қарсылас қозғалыстың жетекшісі шейх Әли Салманды 9 жыл қамау үкімін бұзумен қоса оны Апелляциялық сотта қайтадан соттауға бұйрық берді.

Шейх Әли Салманды түрмеге қамау үкімі Халифе әулеті режимі тарапынан күші жойылған Бахрейндегі ең үлкен қарсылас топты басып- жаншу саясатының бір бөлігі болып табылады. «Әл- Вефақ» тобының жетекшісі шейх Әли Салман 2015 жылы шілде айында қоғамдық пікірді арандату және Халифе әулеті режимін өзгертуге ұмтылу айыбымен төрт жыл түрмеге кесілді.