Қаз 18, 2016 21:48 Asia/Almaty
  • Нейнаваның оңтүстігінде мұнай құдықтары азат етілді

Ирактың федералды полициясы Нейнаваның солтүстігіндегі 56 мұнай құдығын ДАИШ лаңкестерінің бақылауынан азат етті.

«Фарат ньюз» торабының мәліметі бойынша, Ирактың федералды полициясы күштерінің қолбасшылығы осы күштердің сейсенбі күні Нейнава облысының Айн әл-Джахеш аймағына жақын жерде 56 мұнай құдығын ДАИШ лаңкестерінің қолынан азат еткенін хабарлады.

Ирак армиясы мен халықтық күштері Мосул қаласының шығыс аймақтарындағы ілгерілеушіліктерінің жалғасында тағы басқа төрт аймақты ДАИШ лаңкестерінің басқыншылығынан босатты.

Ирактық күштер сонымен қатар лаңкестердің Мосулдің оңтүстігіндегі ал-Киаре аймағындағы бір ауылға жасаған шабуылын залалсыздандырды. Осы операцияларда 21 лаңкестің көзі жойылды.

Ирак армиясы сонымен қатар Мосулдің оңтүстігіндегі бомба қойылған жеті көлікті жарды. Сол амалдарда да 30 лаңкес өлді.

Ирактың Салахеддин облысы кеңесінің мүшесі Халед ал-Харезджи де осы уақытқа дейін аталмыш облыс тұрғындарының 80 пайызының ДАИШ лңкестік тобының басқыншылығынан азат етілген аймақтардағы өз үйлеріне қайтып оралғанын айтты.   

 

 

Тегтер