Иран Йеменде атысты тоқтатуды қолдайды
(last modified Wed, 19 Oct 2016 13:00:44 GMT )
Қаз 19, 2016 19:00 Asia/Almaty
  • Иран Йеменде атысты тоқтатуды қолдайды

Иран Сыртқы істер министрлігінің Баспасөз хатшысы Йеменде қақтығысып жатқан барлық тараптардан атысты тоқтатуды жалғастырып, бұл елдегі нәтижесіз соғысты аяқтауды сұрады.

Иран Сыртқы істер министрлігінің Баспасөз хатшысы Баһрам Қасеми сейсенбі күні БҰҰ Бас хатшысының Йемен істері жөніндегі арнайы өкілінің бұл елде атыстың 72 сағатқа тоқтатылуы туралы мәлімдемесін қолдап: «Барлық тараптар, әсіресе Сауд Арабиясы атыс тоқтатуды құрметтеп, гуманитарлық көмектердің Йеменнің жәбір көрген халқына жеткізілуіне  рұқсат береді»,- деген үміт білдірді.

Иран Сыртқы істер министрлігінің Баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Йемендегі адами жағдайды апатты әрі өкінішті деп атады.

БҰҰ Бас хатшысының Йемен істері жөніндегі арнайы өкілі Исмаил Валед шейх әл-Ахмад дүйсенбі күні йемендік партиялар мен топтардың бұл елдегі атыс тоқтату бітімінің бейсенбі күні таңнан басталып, бірінші кезеңде 72 сағатқа   созылуы мен қайтадан ұзартылу ықтималына кепілдік бергенін хабарлаған болатын.