БҰҰ Сауд Арабиясының Йемендегі қылмыстарына үнсіздік танытуда
(last modified Wed, 19 Oct 2016 14:22:00 GMT )
Қаз 19, 2016 20:22 Asia/Almaty
  • БҰҰ Сауд Арабиясының Йемендегі  қылмыстарына үнсіздік танытуда

Сауд Арабиясының Йеменге қарсы соғысы 21 миллион йемендікті гуманитарлық көмекке мұқтаж етіп қойғанымен БҰҰ қылмыстардың жалғасуына үнсіздік танытуын жалғастыруда.

Сауд Арабиясының Йеменге қарсы соғысы  2015-ші жылдың 26-шы наурызында басталды. Сауд Арабиясының соғыс қылмыстарын дәлелдеу үшін ақиқатты анықтайтын комиссияның құрылуы  қажет емес. БҰҰ-на қарасты органдардың мәліметтері Сауд үкіметінің Йемендегі қылмыстарын көрсетеді.

ЮНЕСЕФ ұйымының баспасөз хатшысы Мұхаммад әл-Асадидің айтуы бойынша, Сауд Арабиясының Йеменге қарсы соғысының салдарынан 21 миллиондық йемендік, ті соның ішінде 10 миллион бала гуманитарлық көмектерге мұқтаж болып отыр. Кемінде 19 миллион йемендік, олардың тең жартысы балалар болып табылатын санитарлық-гигиеналық қызметті қажет етуде. Бұл соғыста өлгендер мен жарақат алғандардың нақты саны жоқ, бірақ Санада орналасқан «Құқық    пен даму орталығы» өз есебінде Сауд Арабиясының Йеменге қарсы шабуылдарының салдарынан осы уақытқа дейін 10 562 йемендіктің қаза болғанын жариялады.

ЮНЕСЕФ-тің Баспасөз хатшысы Мұхамад әл-Асадидің айтуынша Йемен халқының 21 пайызы, яғни 14 миллионнан артығы соғыстың ұзаққа созылып, елдің экономикалық жағдайының нашарлауына байланысты азық-түлік тапшылығымен кезігуде.

Бұл мәліметтер Сауд Арабиясының Йемендегі қылмыстарының тек бір бөлімін ғана көрсетеді. Олар тек өлтіру, зардап келтіру және азық-түлік тапшылығымен ғана шектелмейді. БҰҰ-ның гуманитарлық мәселелер жөніндегі үйлестірушісі Стефан о Брайен ағымдағы  2016-шы  жылдың қазан айында: «Шамамен бір жарым миллион бала Йеменде азық-түлік тапшылығымен кезігіп отыр.  Олардың 370000-ның жағдайы өте нашар, тіпті өлімге жақын»,- деді. Дүниежүзілік Денсаулық ұйымы өткен тамыз айында Йеменнің ішінде босқынға айналғандардың санының 3 миллионнан асқанын және басқа елдерге кеткен йемендіктердің санын 250 000 деп жариялады.

Мұндай мәліметтерден кейін Сауд Арабиясының Йеменде адамзат пен бейбітшілікке қарсы қылмыстарды іске асырып отырғанына күмән тумайды. Бұл қылмыстар халықаралық сотта қарастырылып, қылмысқа қатысты адамдар сотталуы қажет.

Сауд режимін жауапқа шақыратын нақты заңдар бар, бірақ БҰҰ бұл режимнің қылмыстарына  үнсіздік танытып отыр. Он күн бұрын саудиялық қырғи ұшақтар Санада аза рәсіміне шабуыл жасап, жазықсыз 900-ден астам йемендікті өлтіріп, жарақаттады. Сауд үкіметі  халықаралық қысымдар мен сындардың артуына байланысты бұл шабуыл қате орындалды деген уәж айтты, бірақ БҰҰ тіпті бұл шабуылды да айыптамады.

БҰҰ-ның Йемен дағдарысында іске асырған ең маңызды әрекеттерінің бірі бұл ұйымның арнайы өкілінің  топтардың арасында келіссөздер өткізуі болды, бірақ олар нәтижеге жетпеді. Бір апта немесе 72 сағаттық атыс тоқтату бітімдеріне де  Сауд режимі назар аудармады. Сауд режимі БҰҰ-ның үнсіздігі және күш-қуатының жеткіліксіздігінен толық хабардар  болып, Йемендегі өз қылмыстарын жалғастыруда.