Экономикалық ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің стратегиялық бағдарламасы дайындалды
Иранның Қаржы және экономика министрі Экономикалық ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің стратегиялық бағдарламасының дайындалғанын хабарлады.
Иранның Қаржы және экономика министрі Әли Тайебниа сәрсенбі күні Теһранда Экономикалық ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің кеден істері жөніндегі басшыларының жетінші отырысында: «Аймақтық елдердің 2016 жылдағы экономикалық өсуі тиісті көрсеткішке жетпеген жағдайда жыл аяқталып барады»,-деді.
Тайебниа: «Ұйымдасқан терроризмнің артуы Таяу Шығыс аймағының кейбір елдерін ауыр түйткілдерге ұшыратты. Бұл мәселе Экономикалық ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің экономикалық амалдарына әсер ететіндігі күмәнсіз»,-деді.
Иранның Қаржы және экономика министрі: «Экономикалық өсумен тікелей байланысты сыртқы сауданың дамуына ерекше назар аудару және экспорт пен импортты арттыру Экономикалық ынтымақтастық ұйымына мүше елдерге көп пайда әкеледі»,-деді.
Тайебниа: «Өндірістің жаңа түрлері, бәсекелестікті жоғарылату, тиімділікті арттыру, табыс табу, валюталық шектеулерді азайту, өндіріс салаларын мамандандыру және жоғарырақ ұлттық табысқа ие болу – осының барлығы аймақтық бірліксіз жүзеге асыруға болмайтын мақсаттар болып табылады»,-деді.