Қаз 20, 2016 14:28 Asia/Almaty
  • Арақчи: Сирияның жазықсыз халқын қырып-жою – тәкфирлік және вахаббилік ойлардың таралуының салдары

ИИР Сыртқы істер министрінің құқық және халықаралық істер жөніндегі орынбасары Сирияда болып жатқан оқиғалардың вахаббилік ойлардың таралуының салдары екеніне тоқталды.

Ол: «Сирияның жазықсыз халқы, балалары мен әйелдерін қырып-жоюдың жауапкершілігі ДАИШ пен «ән-Носрат» майданы сияқты топтар мен олардың демеушілерінің мойнында»,-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, сейіт Аббас Арақчи  сәрсенбі күні Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында  Экономикалық ынтымақтастық ұйымына мүше елдер Сыртқы істер министрлерінің 43-ші отырысында сөйлеген сөзінде Таяу Шығыс аймағы мен Солтүстік Африкада экстремизм мен терроризмнің таралуының үдей түскеніне тоқталып, бұл мәселені ислам әлемі үшін үлкен қатер деп атап, ислам елдерін осы құбылыспен шынайы түрде күресуге шақырды.

Арақчи, сондай-ақ, өткен 18 айдан астам уақыт ішіндегі Йемен халқының ауыр жағдайын сипаттап: «Йеменге ауқымды шабуылдардың жалғасуы халықаралық принциптер мен ережелерге қайшы. Бұл шабуылдарды тоқтату қажет»,-деп сөзін жалғады.

Иран Сыртқы істер министрінің орынбасары өз баяндамасының басқа бір бөлігінде Палестина мәселесіне тоқталып: «5 млн-нан астам палестиналықтың босқынға айналуы, сионистік режимнің қалашық салу, нәсілдік кемсіту, Иордан өзенінің батыс жағалауын басып алу саясаттарын жалғастыруы – Палестинаны басып алудың өкінішті әрі қайғылы салдарлары. Бұл Таяу Шығыстағы қауіпсіздік жағдайының одан ары ушыға түсуіне себеп болды»,-деді.

Тегтер