Путин мен Башар Асад Сириядағы өзгерістер жөнінде телефон арқылы сұхбаттасты
Ресей мен Сирияның Президенттері телефон арқылы лаңкестікпен күреске қатысты соңғы өзгерістер жөнінде сұхбаттасты.
«Al-Alam» ақпарат арнасының хабарлауы бойынша, осы сұхбат барысында Сириядағы лаңкестікпен күреске қатысты соңғы өзгерістер және осы елдің дағдарысын шешуге бағытталған талпыныстар талқыланды.
Путин: «Ресейдің Сирияға қатысты позициясы тұрақты. Мәскеудің лаңкестікпен күрес және Сирияның аумақтық тұтастығын сақтауға бағытталған шаралары жалғасын табады»,-деп қуаттады.
Сирия Президенті Башар Асад та Сирияны қолдағаны үшін кейбір елдердің Ресейге қарсы қысымдары мен кедергілеріне қарамастан, Мәскеудің халықаралық сахнада жасап жатқан талпыныстарына алғыс айтты.
Асад, сондай-ақ, Сирияның лаңкестікпен күресте байсалды екенін қуаттап: «Мұнымен бір мезгілде ұлттық бітімге қол жеткізу және елді дағдарыстан шығару үшін саяси үдерістерді іске қосуға талпыныстар жасалып жатыр»,-деп сөзін жалғады.