Саад Харири Мишель Аунның Ливанның жаңа президенті ретінде сайлануын қолдап отыр
(last modified Fri, 21 Oct 2016 06:39:03 GMT )
Қаз 21, 2016 12:39 Asia/Almaty
  • Саад Харири Мишель Аунның Ливанның жаңа президенті ретінде сайлануын қолдап отыр

Ливанның болашағы үшін қозғалыстың жетекшісі Мишель Аунның осы елдің жаңа президенті ретінде сайлануын қолдайтынын мәлімдеді.

Ливанның Өзгерістер және реформалар фракциясының төрағасы Мишель Аунның осы елдің жаңа президенті ретінде тағайындалуына қатысты болжалдар артып отырған жағдайда Ливанның болашағы үшін қозғалыстың жетекшісі  Саад Харири бейсенбі күні Хезболладағы әріптесінің президенттік сайлауда үміткер болуын құптады. Ливан конституциясына сәйкес, осы елдің президентін парламент депутаттары маронит мәсихилердің арасынан таңдап, тағайындауы керек. 2014 жылдың мамыр айындағы ішкі келіспеушіліктердің салдарынан қазір Ливанда президент жоқ.