Иран коалиция ұшақтарының Киркук халқының аза тұтушыларына шабуылын айыптады
(last modified Sat, 22 Oct 2016 07:05:56 GMT )
Қаз 22, 2016 13:05 Asia/Almaty
  • Иран коалиция ұшақтарының Киркук халқының аза тұтушыларына шабуылын айыптады

ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Бахрам Ғасеми коалиция ұшақтарының Киркук халқының аза тұтушылары орналасқан ауданға шабуылын қатаң айыптады.

«Тасним» ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Ирак халқының ондаған адамын шәһид және жарақат еткен бұл шабуылдарға күмәнданып, бұл апаттың әртүрлі қырларын анықтап, осы шабуылды жасауға бұйрық бергендер мен оны орындағандарды жауапқа тартуды талап етті.

ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы: «Жазықсыз азалы халыққа шабуылды ешбір кешірім немесе сылтаумен қабылдауға болмайды. Ирактың жапа шеккен халқы бір жағынан лаңкестердің, басқа жағынан лаңкестікпен күрес сылтауымен Иракта тайраңдап жүрген шетелдік күштердің шабуылдарына ұшырамауы тиіс»,-деп баса айтты.

«ДАИШ-ке қарсы» коалиция күштерінің жұма күні Киркуктың оңтүстігіндегі Дакук ауданының бір мешітіне жасаған әуе шабуылында 20 адам, соның ішінде бірнеше әйел мен бала қаза тауып, 45 адам жараланды.  Кейбір жаралылардың жағдайы нашар деп хабарланды.

Тегтер