Қаз 22, 2016 13:27 Asia/Almaty
  • Велаяти Бағдадта Исламдық ояну жоғары кеңесі отырысын өткізудің маңыздылығын қуаттады

Дүниежүзілік исламдық ояну ассамблеясының бас хатшысы Әлиакбар Велаяти: «Бағдадта Дүниежүзілік исламдық ояну ассамблеясының жоғары кеңесі отырысының өтуі лаңкестікпен күрес пен аймақтың жапа шеккен халқын қолдауға шынайы ерік-жігердің барлығын көрсетеді»,-деді.

ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша,  Велаяти жұма күні Бағдадта Дүниежүзілік исламдық ояну ассамблеясының тоғызыншы отырысының ресми түрде ашылуы алдында бірқатар тілшілерге берген сұхбатында: «ИИР-ның кесімді саясаты заңды үкіметтер мен аймақтың жапа шеккен халқын, соның ішінде Сирия мен Ирак халқын қолдау болып табылады. Бұл қолдаулар осы елдердің үкіметтерінің сұрауымен саяси немесе кеңес беру қалпында жүзеге асырылуда. Бұл болашақта жеңіске жетіп, аймақта лаңкестер мен олардың демеушілерінің жеңілетініне үміт береді»,-деді.

Велаяти Иранның Мосулды азат ету амалдарында әскери тұрғыдан тікелей қатысып жатпағанын баса айтып: «ИИР экстремистік және тәкфирлік ағымдар, қылмыскер лаңкестер мен олардың демеушілерімен шамамен 5 жыл бойғы күресте аймақ халықтарының жанынан табылып келеді»,-деп сөзін жалғады.

Тегтер