Ирак армиясы Киркук қаласын толығымен өз бақылауына алды
(last modified Sat, 22 Oct 2016 13:04:27 GMT )
Қаз 22, 2016 19:04 Asia/Almaty
  • Ирак армиясы Киркук қаласын толығымен өз бақылауына алды

Ирак армиясының күштері лаңкестердің кеше Киркук қаласына жасаған шабуылдарынан кейін осы қаланың бақылауын толығымен өз қолдарына алды.

Ирактың әскери көздері Ирак армиясы мен халықтық және күрдтерден құралған ортақ күштерінің бүгін, сенбі күні Киркуктегі ДАИШ лаңкестерінің жасырынатын орындарын анықтап, оларды нысанаға алу арқылы көздерін жойғанын мәлімдеді. Осы мәліметке сәйкес, сол амалдарда ДАИШ лаңкестік тобының 48 мүшесі өлген.

Жұма күні таңертең ДАИШ тобының бірқатар мүшесі Киркук қаласына еніп, электр станциясы мен әкімшілік ғимараты және полиция мекемелеріне шабуыл жасап, қаланың бақылауын өз қолдарына алуға талпыныс жасады, бірақ бұл жоба Киркук қаласының қауіпсіздік және полиция күштерінің қырағылығымен жеңіліс тауып, көп лаңкес ажал құшты.  

Ирак басшылары сенбі күні ДАИШ лаңкестерінің Киркук қаласына жасаған шабуылында кемінде 46 адамның мерт болып, 133 адамның жараланғанын хабарлады. Ирактың Бадр парламенттік фракциясының мүшесі Хасан ас-Саеди мәлімдемеде ДАИШ лаңкестік тобының Киркук қаласына шабуыл жасауының мақсатын Мосул қаласын лаңкестердің басқыншылығынан азат ету амалдарына кедергі жасау деп атады.  

Мосул қаласын ДАИШ лаңкестерінен босату амалдары қазан айының 17 күні басталған болатын.

 

 

Тегтер