Хайдер әл-Абади Иcламдық ояну ассамблеясының отырысында баяндама жасады
(last modified Sat, 22 Oct 2016 15:24:58 GMT )
Қаз 22, 2016 21:24 Asia/Almaty
  • Хайдер әл-Абади Иcламдық ояну ассамблеясының отырысында баяндама жасады

Ирактың премьер-министрі аймақ елдерінен осы елді ДАИШ тобымен күресіп, солардың көзін жою үшін қолдау көрсетуді сұрады.

Ирактың премьер-министрі Хайдер әл-Абади Бағдадта өткен Исламдық ояну әлемдік ассамблеясының Жоғарғы кеңесінің тоғызыншы отырысында Ирак үкіметінің ДАИШ лаңкестік тобын жоюдың соңғы кезеңдеріне жеткенін мәлімдеп: «Ирак үкіметінің негізгі мақсаты әскери емес бейбіт азаматтарға қолдау көрсетіп, оларды ДАИШ лаңкестік тобының басқыншылығынан азат ету» деді.  

Ирак премьер-министрі бұл ел халқының ДАИШ лаңкестік тобымен күресте және оны жою үшін біріккенін қуаттап: «Ирак лаңкестіктің шынайы түйткілімен бетпе-бет келіп отыр. Түркияның ДАИШ-пен күресуге ынтасы жоқ. Бұл ел тек өзінің мүдделерін көздеп, аймақ пен Ирактағы ықпалын кеңейткісі келеді» деді. 

 

Тегтер