Ливан Хезболласының бас хатшысы аймақтық өзгерістер жайлы сөз сөйледі
(last modified Mon, 24 Oct 2016 07:40:32 GMT )
Қаз 24, 2016 13:40 Asia/Almaty
  • Ливан Хезболласының бас хатшысы аймақтық өзгерістер жайлы сөз сөйледі

Ливан Хезболласының бас хатшысы Мишель Аунның президент болуы мен Саад Хариридің премьер-министр болуын қолдайды.

Ливанның «Al-Manar» телеарнасының хабарлауы бойынша, Ливан Хезболласының бас хатшысы сейіт Хасан Насролла  жексенбі күні түстен кейін Қарсыласу қозғалысы қолбасшыларының бірі Әл-Хадж Хатам Хамаданың шахид болған күніне орай өткен жетінші рәсімде бейне конференция арқылы сөйлеген сөзінде: «Хезболла Мишель Аунның президенттікке үміткер болуын қолдайды және «әл-Мұстақбел» ағымының басшысы Саад Хариридің премьер-министр болуына қарсы емес»,-деді.

Насролла Ирактың солтүстігіндегі Мосулда  және Сирияның солтүстігіндегі Алеппода лаңкестермен соғысты шешуші сипатта деп атап: «Лаңкестердің Ливанның Арсал қаласының маңы мен шығыс таулы сілем аймағындағы белсенділік аясы өте қатты шектелді»,-деді.  

Насролла ДАИШ мен «ән-Носрат» майданы (Фатх уш-Шам) лаңкестік топтарын қатерлі жоспарларды орындаудың құралы деп атап: «Аймақта осы тәкфирлік қастандықтан ең көп зардап шеккен тарап – сүнниттер»,-деп еске салды.  

Ливан Хезболласының бас хатшысы, сондай-ақ, Түркияның Ирактың халықтық күштерінің Мосулды азат ету амалдарына қатысқанын теріске шығарған сөздеріне таңданыс білдіріп: «Мұндай сөздер Ирак халқы Мосулды лаңкестердің қолынан азат ету жолында онданған адамынан айырылған жағдайда айтылып отыр»,-деді.