Иракта Исламдық ояну отырысының қорытынды мәлімдемесі жарияланды
(last modified Mon, 24 Oct 2016 11:38:58 GMT )
Қаз 24, 2016 17:38 Asia/Almaty
  • Иракта Исламдық ояну отырысының қорытынды мәлімдемесі жарияланды

Бағдадта өткен Дүниежүзілік исламдық ояну ассамблеясы Жоғары кеңесінің тоғызыншы отырысы жексенбі күні кешке өз жұмысын аяқтады.

Ислам әлемінің бетке ұстарлары мен үлемдері Бағдадта Дүниежүзілік исламдық ояну ассамблеясы Жоғары кеңесінің тоғызыншы отырысының қорытынды мәлімдемесінде: «Бұл қозғалыс қазіргі бір айқын шындық ретінде және исламдық құндылықтардың берекесінің арқасында Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеидің бастауымен аймақ деңгейінде гүлденіп, даму үстінде»,-деп қуаттады.

Бұл мәлімдемеде сионистердің исламдық оянуды тоқырауға ұшыратуға бағытталған пайдасыз талпыныстары сөз болып: «Осы талпыныстарға қарамастан, исламдық ояну тоқырамағаны былай тұрсын, күн өткен сайын кемелденіп, жаңа көріністер және әралуан тәсілдермен дамып барады»,-деп баса айтылған.

Бұл мәлімдемеде, сондай-ақ, Сирияның аумақтық тұтастығы, тәуелсіздігі мен ұлттық егемендігін сақтау және елдің дағдарысын саяси жолмен шешу қажеттігі баса айтылып, Сауд Арабиясына «Халықаралық заңдар аясында Йеменге әуе шабуылдары мен қарапайым адамдарды өлтіруді доғарсын» деп кеңес берілген, өйткені бұл қылмыстарды жалғастыру Сауд әулетіне еш нәтиже бермейді.

Бағдадта өткен Дүниежүзілік исламдық ояну ассамблеясы Жоғары кеңесінің тоғызыншы отырысының қорытынды мәлімдемесінде, сондай-ақ, Палестина мен Қасиетті Құдсты азат ету арманы ислам әлемі алдындағы ең негізгі тақырып деп аталып, сионистік режимнің ислам әлемінің басты жауы екенін ескере отырып, ислам елдерінен өздерінің барлық күш-қуатын Палестина жерін азат ету арманына жұмсау талап етілді.   

Тегтер