Ғасеми: Ирактағы ДАИШ-пен күрес осы елдің үкіметінің рұқсатымен жүзеге асырылуы керек
https://itolqyn.com/news/west_asia-i16735-Ғасеми_Ирактағы_ДАИШ_пен_күрес_осы_елдің_үкіметінің_рұқсатымен_жүзеге_асырылуы_керек
Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы: "Түркияның Мосулды азат ету үшін ДАИШ лаңкестік тобына қарсы соғысқа қатысуы Ирактың орталық үкіметінің рұқсатымен жүзеге асырылуы керек" деді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қаз 24, 2016 17:58 Asia/Almaty
  • Ғасеми: Ирактағы ДАИШ-пен күрес осы елдің үкіметінің рұқсатымен жүзеге асырылуы керек

Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы: "Түркияның Мосулды азат ету үшін ДАИШ лаңкестік тобына қарсы соғысқа қатысуы Ирактың орталық үкіметінің рұқсатымен жүзеге асырылуы керек" деді.

Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Бахрам Ғасеми тілшілермен өткізетін апталық отырысында Түркия қайраткерлерінің осы елдің Мосулды азат етуге қатысуы туралы сөздеріне тоқталып: "Аймақта, тіпті, әлем деңгейінде лаңкестікпен күрес маңызды мәселе болып табылады. Әр үкімет қолынан келсе лаңкестікпен күресу үшін әрекет етуі керек. Бір ел лаңкестікпен немесе кез келген басқа да қылмыс түрлерімен күресті сылтауратып, басқа елдердің егемендігіне көзжұмбайлықпен қарамауы керек. Сондай-ақ, сол елдің орталық үкіметінің рұқсатынсыз біржақты әрекет етіп, сол елдің егеміндігін бұзуды қабылдауға болмайды" деді.