Қаз 25, 2016 15:57 Asia/Almaty
  • Араб Лигасы Нетаньяхудың әл-Ақса мешітінің астын қазу шешімін айыптады

Араб Лигасы сионистік режимнің премьер-министрі Нетаньяхудың әл-Ақса мешітінің астын қазу шешімін айыптап, бұл шешімнің әл-Ақса мешітінің құлауына себеп болатынын мәлімдеді.

«Меһр» ақпарат агенттігінің Russia al youm торабына сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Араб Лигасы дүйсенбі күні бұл мәселеге қатысты мәлімдемесінде «Сионистік режимнің премьер-министрі Нетаньяхудың әл-Ақса мешітінің астын қазу туралы шешімі Израильдің бұл мешіттің құлауын жылдамдатудағы рөлін көрсетеді»,- деп жариялады. Араб Лигасы Израиль режимі басшыларының бұл әрекетін ЮНЕСКО-ның Құдс пен әл-Ақса мешітінің исламдық болмысын қуаттаған қарарына қайтарған жауабы деп атады.

Араб Лигасы Израиль басшыларын аймақтағы діни соғыстар мен лаңкестік және экстремизмнің артуына себепкер деп санайды.

Араб Лигасы ЮНЕСКО-дан Израильді осы халықаралық орган тарапынан шығарылған қарарларды іске асыруға мәжбүрлеуді, сонымен бірге Қауіпсіздік кеңесінен Израильге Палестинаға қарсы шабуылдарын тоқтатуы үшін қысым көрсетуді талап етті.

 

                                                                       

 

Тегтер