Иран Мәжілісінің Төрағасы: Таяу Шығыс аймағындағы дағдарыс саяси жолмен шешіледі
(last modified Wed, 26 Oct 2016 07:40:58 GMT )
Қаз 26, 2016 13:40 Asia/Almaty
  • Иран Мәжілісінің Төрағасы: Таяу Шығыс аймағындағы дағдарыс саяси жолмен шешіледі

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Төрағасы Таяу Шығыс аймағындағы дағдарыстың шешім жолын саяси жол деп атады.

ИРНА-ның мәліметі бойынша, Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Төрағасы Әли Лариджани сейсенбі күні Босния және Герцеговина президенттік кеңесінің төрағасы Бакир Изетбеговичпен Теһрандағы  кездесуінде: «Аймақтағы лаңкестік оқиғалардың жылдамдығы  мәселенің саяси жолмен шешілуін қиындатты. Өкінішке орай, кейбір адамдардың вахабизм ой-пікірімен тәрбиеленуі аймақ пен әлемдегі экстремизм мен лаңкестікке себеп болды»,- деді. Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Төрағасы аймақтағы  лаңкестіктің кеңею себептеріне тоқталып: «Лаңкестік топтардың әрекеттерінің көбеюінің дәлелдерінің бірі кейбір мемлекеттердің лаңкестерді құрал ретінде пайдалануы болып табылады. Біраздан кейін бұл мемлекеттер лаңкестерге жүргізіп отырған бақылаудан айырылып, билік лаңкестердің қолына түседі»,- деді. Бакир Изетбегович Иранға жасаған сапарына ризалығын білдіріп, екі елдің саяси қарым-қатынастарын сындарлы деп бағалап, Иранға қарсы санкциялардың күшінің жойылуымен екі елдің экономикалық қарым-қатынастарының деңгейін жоғарылатуға мүдделік танытты.