ДАИШ Ирактың Мосул қаласында тағы кісі өлтірді
ДАИШ лаңкестік тобы Ирактың солтүстігіндегі Нейнава облысының орталығы Мосул қаласында тұтқындағылардың біразын өлтірді.
Ирактың жергілікті дереккөздері Ресейдің «Спутник» ақпарат агенттігіне ДАИШ лаңкестік тобының сейсенбі күні халқының саны бойынша Ирактың екінші қаласы саналатын Мосулда абақтыдағы тұтқындарды өлтіріп, өздерінің қылмыстарының тізіміндегі санды арттырғанын хабарлап: «ДАИШ лаңкестері әскери емес 23 ирактықты ирактық күштермен ынтымақтастық жасағандары үшін өлтірді. ДАИШ тобының қолынан өлген адамдар Мосулдың батысындағы Тель әр-Раман абақтысында қамалғандар болуы мүмкін»,- деді.
ДАИШ лаңкестерінің ирактық тұтқындарды өлтіру әрекеттері олардың Мосулды босату операциясында сәтсіздікке ұшырағандарының белгісі.