Мосулдағы ДАИШ лаңкестері Түркия мен Сауд Арабиясының қару-жарақтарын қолданып жүр
Ирактың бір қолбасшысы Түркия мен Сауд Арабиясы тарапынан Ирактың солтүстігіндегі Мосулда орналасқан ДАИШ лаңкестеріне қару-жарақ жіберілетінін хабарлады.
Press TV телеарнасының бейсенбі күнгі хабарлауы бойынша, Ирактың Хашд аш-Шааби қолбасшыларының бірі Ада әл-Хадран: «Ирак күштері Мосулдағы майданда ДАИШ лаңкестерінен Түркия мен Сауд Арабиясы тарапынан жіберілген қару-жарақтарды қолға түсірді.
Парсы шығанағындағы араб елдерінің саудагерлері тарапынан қару-жарақтар мен көліктер Түркияның шекаралары арқылы күн сайын ДАИШ-ке жеткізіледі. Кувейт пен БАӘ-нің саудагерлері ДАИШ-қа Toyota көліктерін береді. Түркия ДАИШ-ты соғыс құрал-жабдықтары және қару-жарақтармен қамтамасыз етеді. Осы елдің әскери мамандары ДАИШ лаңкестерін дайындықтан өткізеді. Түркияның артиллериясы ДАИШ-ты қолдау рөлін атқарады»,-деді.