«Мұхаммад (с.ғ.с) – Алланың елшісі» фильмі Түркияның 300 кинотеатрында көрсетіледі
Ирандық режиссер Мәджид Мәджидидің «Мұхаммад (с.ғ.с) – Алланың елшісі» фильмі Түркияның кинотеатрларында көрсетілетін болады.
Press TV телеарнасының бейсенбі күнгі хабарлауы бойынша, «Мұхаммад (с.ғ.с) – Алланың елшісі» фильмі бүгін, жұма күннен бастап Түркияның 300 кинотеатрында бір мезгілде көрсетілетін болады.
«Мұхаммад (с.ғ.с) – Алланың елшісі» фильмінің сәрсенбі күні кешке Стамбұлдың бір мәдени орталығында өткен арнайы көрсетілімі Түркияда мәдени және діни қайраткерлердің, актерлар мен режиссерлердің қолдауына ие болды.
Осы мәлімет бойынша, «Мұхаммад (с.ғ.с) – Алланың елшісі» фильмінің арнайы көрсетілімі барысында көрермендердің көбі қайғылы оқиғалар баяндалған тұстарда көз жастарын жасырып қала алмаған.
Өткен жылы осы фильмнің режиссері Мәджид Мәджиди Press TV телеарнасына берген сұхбатында «Мұхаммад (с.ғ.с) – Алланың елшісі» фильмін ислам әлеміне тиесілі деп атап, фильмді түсірудегі мақсаттың мұсылмандар арасында тілектестікті нығайту екенін мәлімдеген болатын.
35 млн долларға түсірілген «Мұхаммад (с.ғ.с) – Алланың елшісі» фильмі Иранның кинематография тарихындағы ең қымбат фильм болып табылады. Бұл фильм әлем бойынша, әсіресе мұсылмандар арасында ерекше қолдауға ие болды.