Ирактың халықтық күштері Мосулдың батысында жаңа амалдар бастады
(last modified Sat, 29 Oct 2016 11:19:14 GMT )
Қаз 29, 2016 17:19 Asia/Almaty
  • Ирактың халықтық күштері Мосулдың батысында жаңа амалдар бастады

Ирактың ақпарат көздері осы елдегі халықтық күштердің Мосулда ДАИШ лаңкестік тобына қарсы жаңа амалдарды бастағанын хабарлады.

Ирактың «әл-Еттеджах» телеарнасының сенбі күнгі хабарлауынша, Ирактың халықтық күштері мен ДАИШ-пен қарсыласу топтарының амалдары Нейнава облысының орталығы Мосул қаласының оңтүстік-батыс бағытында басталды.

Ирактағы Хезболла батальондарының майдандағы қолбасшыларының бірі: «Халықтық күштердің Мосул қаласының оңтүстік-батыс бағытындағы  амалдарының мақсаты – ДАИШ тәкфирлік тобы мүшелерінің Сирияға қашуына жол бермеу»,-деп хабарлады.  

Мұнымен қоса, Ирактың Нейнава амалдарын басқару штабының мүшесі Фейсал Басин Ирактың халықтық күштерінің қатысумен жүзеге асқан әскери амалдарда Мосул қаласының батысындағы тағы үш ауылдың ДАИШ-тың қолынан азат етілгенін хабарлады.

Ирактың Лаңкестікпен күрес кеңсесінің басшысы Абдулғани Асади да Мосулды азат ету амалдарының тоқтатылғанын теріске шығарып, бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтты.

 

Тегтер