Мосул амалдарының қоршаған ортаға төндіретін қауіп-қатерінің салдарлары ескертілді
(last modified Sat, 29 Oct 2016 11:44:03 GMT )
Қаз 29, 2016 17:44 Asia/Almaty
  • Мосул амалдарының қоршаған ортаға төндіретін қауіп-қатерінің салдарлары ескертілді

17 қазанда басталған Мосулды азат ету амалдары Ирактағы ДАИШ лаңкестеріне қарсы ең үлкен амал болып табылады. Бұл амалдар көптеген алаңдаушылық тудырып отыр. Соның бірі қоршаған ортаға төндіретін қауіп-қатерлері және оның Ирак азаматтары, әсіресе Нейнава облысы тұрғындарына әсері болып отыр.

БҰҰ-ның қоршаған ортаны қорғау бағдарламасы 27 қазанда Мосулды азат ету амалдары басталғаннан бері ДАИШ лаңкестерінің мұнай кеніштері мен зауыттарды өртеуі салдарынан қоршаған ортаға төнетін қатерлер жайлы ескертті.  

БҰҰ-ның қоршаған ортаны қорғау бағдарламасының атқарушы директоры Эрик Сулхайм: «Өткен бірнеше онжылдық барысында көлшіктерді құрғату, жайылым және егістік жерлерді ластау сияқты Ирак көрген қоршаған орта заңдарын бұзу жайттары бұл елдің қоршаған орта жүйесінің бұзылуына әкеліп соқтырды»,-деді.

Мосулды азат ету амалдары бірнеше қырлы салдарларға ие. Мосулды азат ету амалдарын ауқымдылығы тұрғысынан азамат соғысы деп санауға болады, өйткені осы амалдардан 1 млн-нан астам адам зардап шегеді. Мұнымен қатар Мосул геосаяси жағдайына байланысты да өте маңызды, өйткені Мосул бөгеті мен Тигр өзенімен қоса, Ирактың мұнайлы аймағы осы қалаға жақын орналасқан.

Қорқыныш тудыру, қатігез қатынас көрсету және қылмыс жасауды негізгі белгілері етіп алған ДАИШ лаңкестері Мосулды азат ету амалдарында да осы белгілерді қолданып жатыр. Мысалы, ДАИШ лаңкестері Мосулды азат ету амалдары басталғаннан осы күнге дейін 19 мұнай ұңғымасы мен 1 күкірт зауытын өртеп жіберді. Мұнай ұңғымалары мен зауыттардың жануы салдарынан улы газ таралатындықтан Нейнава облысының әртүрлі аудандарындағы 1000-нан астам тұрғын өткен күндері улы ауамен демалу салдарынан ауырып қалды.

ДАИШ мұнай ұңғымалары мен зауыттарды өртеумен қоса,  қоршаған орта саласында басқа да сорақы әрекеттер жасайды деп күтілуде. Бұл әрекеттердің салдарлары ауыр болады.

Бұдан бұрын Ирактың кейбір қайраткерлері Мосул бөгетінің бұзылуы немесе осы бөгет пен Ирактағы ең үлкен өзен саналатын Тигр суының ластануы туралы ескерткен болатын. Бір ирактық қайраткер осы жөнінде: «Америкалықтар әрдайым Катрина торнадосы туралы айтады, ал Мосул бөгеті бұзылса, Катринадан мың есе ауыр апат болмақ. Егер Мосул бөгеті бұзылса, бірнеше сағаттың ішінде шамамен 500 мың адам қырылып қалады»,-деген еді.   

ДАИШ лаңкестері Мосулдағы су көздерін бұзатын болса, Иракта су көздеріне деген тапшылық артып, таза суға қолы жетпей отырған тұрғындардың саны көбейеді.

БҰҰ-ның ЮНИСЕФ балалар қорының есебіне сәйкес, АҚШ-тың 2003 жылы Иракқа қарсы соғысы мен ДАИШ лаңкестерінің 2014 жылы Ирактың кейбір бөліктерін басып алуы 2003 жылы болған таза суға қолы жетпей отырған тұрғындар көлемінің 19 пайызының 2015 жылы 24 пайызға жетуіне себеп болды.

 

Тегтер