Зариф: Сирияда саяси шешім жолына назар аудару керек
Иран Сыртқы істер министрі Теһранның Сирияға қатысты тұрғысын лаңкестікпен күресудің қажеттілігі мен осы дағдарысты шешу үшін саяси шешім жолына жететін тәсіл деп атады.
Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф жексенбі күні Иранның әскери атташелері мен қорғаныс және қоғамдық тәртіп өкілдерінің тұңғыш бірлескен форумының өткізілуі аясында Иран Телерадио ұйымы ақпарат агенттігіне берген сұхбатында Еуропалық Одақтың сыртқы саясат жетекшісі Федерика Могеринидің Теһранға жасаған сапарына сілтеме жасап: «Могеринидің Иранға сапары Сирия өзгерістері туралы пікір алмасу және қақтығыстарды доғару мақсатында іске асты.
Иранның лаңкестікпен күресудің қажеттілігі мен Сирия халқының талабы мен сеніміне назар аудару болып табылатын саяси шешім жолына жету тәсілі Могериниге жеткізілді.
Могерини ИИР президенті Хасан Руханимен кездесуде де «Ортақ қадам» келісімін орындау және Еуропаның ядролық келісімнің жақсырақ орындалуы үшін талпыныс жасауы қажеттігі туралы сұхбаттасты» деді.
Иран Сыртқы істер министрі Еуропаның бұрынғы қате саясаттарына сілтеме жасап: «Әлемдегі барлық елдер лаңкестікке ешбір шартсыз тосқауыл қоюы керек» деді.