Түркияда 10 мыңнан астам үкімет қызметкері жұмыстан қуылды
https://itolqyn.com/news/west_asia-i17128-Түркияда_10_мыңнан_астам_үкімет_қызметкері_жұмыстан_қуылды
Түркия үкіметі осы елдің 10 мыңнан астам үкімет қызметкерін 15- ші шілдедегі сәтсіз әскери төңкеріске қатысы бар деген айыппен жұмыстан қуды.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қаз 30, 2016 20:52 Asia/Almaty
  • Түркияда 10 мыңнан астам үкімет қызметкері жұмыстан қуылды

Түркия үкіметі осы елдің 10 мыңнан астам үкімет қызметкерін 15- ші шілдедегі сәтсіз әскери төңкеріске қатысы бар деген айыппен жұмыстан қуды.

Мыңдаған университет оқытушылары мен денсаулық сақтау бөлімінің қызметкерлері Түркиядағы төтенше жағдайдың жаңа үкімі шеңберінде қызметтен шеттетілді. Осы үкім бойынша Түркияның оңтүстік-шығысында орналасқан 15 баспасөз органының қызметі тоқтатылып, университеттердің басшыларын тағайындау жөніндегі заңдар мен ережелер де өзгертілген. Осы ақпарат құралдарының жабылуымен Түркиядағы соңғы әскери төңкерістен кейін жабылған ақпарат құралдарының саны 160- тан асты.