ДАИШ Мосулде ирактық күштердің алға жылжуын баяулату үшін айла қолдануда
(last modified Sun, 30 Oct 2016 15:12:12 GMT )
Қаз 30, 2016 21:12 Asia/Almaty
  • ДАИШ Мосулде ирактық күштердің алға жылжуын баяулату үшін айла қолдануда

ДАИШ лаңкестік тобы ирактық күштердің Ирактың солтүстігіндегі Мосул қаласына қарай алға жылжуының алдын алу үшін осы қаланың тұрғындарын пайдалануда.

«Alalam» арнасының ақпарат торабының мәлімдеуі бойынша, Мосулдан қашып шыққан кейбір тұрғындар британдық «The Independent» газетіне берген сұхбатта ДАИШ мүшелерінің халықты адам қалқаны ретінде пайдалану шарасына сілтеме жасап: «Олар ирактық күштердің жылдамдықпен алға жылжуының алдын алу үшін Мосул тұрғындарын өз көліктерінің алдынан жүруге мәжбүрлеп, қашып кетпек болған кісілерді өлім жазасына кеседі» деді.

ДАИШ мүшелері сондай- ақ ирактық күштердің шабуылының алдын алу үшін Мосул қаласы мен аймақтағы елді мекендерде әскери емес азаматтарды кепілдікке алып отыр.

Мосулдағы ирактық отбасылар қашу жолында ДАИШ лаңкестерінің қолына түсу қаупімен қоса мұнай ұңғымаларын және күкірт өндіретін кәсіпорындарды өртеуден туындаған улы газбен улану қаупіне де тап болып отыр.

БҰҰ- ның адам құқығы кеңесінің жоғары комиссарының мәлімдеуі бойынша, ДАИШ лаңкестік тобы Мосулда адам қалқаны ретінде пайдалану үшін ондаған мың әскери емес ирактықты ұрлап әкеткен.

 

 

 

 

Тегтер