Түркияда 18 ұшқыш қамауға алынды
https://itolqyn.com/news/west_asia-i17215-Түркияда_18_ұшқыш_қамауға_алынды
Түркияның қауіпсіздік күштері "Хизмет" қозғалысымен қарым-қатынаста болуына байланысты тағы 18 ұшқышты қамауға алды.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қар 01, 2016 16:41 Asia/Almaty
  • Түркияда 18 ұшқыш қамауға алынды

Түркияның қауіпсіздік күштері "Хизмет" қозғалысымен қарым-қатынаста болуына байланысты тағы 18 ұшқышты қамауға алды.

ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Түркияның қауіпсіздік қайраткерлері Түркия үкіметінің қарсыласы Фетхолла Гюленнің лаңкестік  ұйымына қатысты деген айыппен тағы 18 ұшқыштың қамауға алынғанын хабарлады.

Өткен бейсенбі күні Конья қаласының Соты Фетхолла Гюленнің лаңкестік ұйымымен күрес мәселесі бойынша 73 ұшқышты қамауға алу туралы үкім шығарды. Бұл ұшқыштардың 45-сі бейсенбіге дейін қамауға алынды.

Түркия үкіметінің мәліметі бойынша Фетхолла Гюленнің лаңкестік ұйымы 15-ші  шілдеде Анкараға қарсы төңкеріс ұйымдастыруды көздеген. Бірақ Гюлен бұл мәселені теріске шығарды.