Мосулдың шығысында бірінші аймақ Кокджели босатылды
Қар 01, 2016 17:11 Asia/Almaty
Мосулды азат ету операцияларына қатысушы ирактық күштер Мосул қаласының шығысындағы бірінші мекен ретінде Кокджелиді босатты.
«Меһр» ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Нейнава облысы кеңесінің мүшесі Хисамаддин әл-Абар дүйсенбі күні: «Қауіпсіздік күштерінің Кокджелиге кіруі ирактық күштердің басқа аймақтарды өз бақылауына алу саласында жасаған маңызды қадам»,- деді. Ол Кокджелидің азат етілуін ДАИШ-тың қорғаныс шебін құлдырату деп бағалады.
Кокджели – Мосулдың шығыс кіреберісінде орналасқан өнеркәсіптік аймақ. Кокджели мен Мосул қаласының әкімшілік шекараларының арасы бір километр.