Қар 02, 2016 19:39 Asia/Almaty
  • Ирак Премьер-министрі Түркияға ультиматум қойды

Ирак Премьер-министрі Хайдер әл-Абади Түркия үкіметіне бұл елдегі ықтималды әскери әрекеттердің салдарлары туралы ескерту жасап, бұл әрекеттің Түркияның жіктелуіне себеп болатыны туралы айтты.

Ирак Премьер-министрі сейсенбі күні өткізген баспасөз отырысында: «Бағдат Анкарамен соғысуды немесе текетіресті көздемейді. Бірақ егер соғысатын жағдай орын алса, Ирак жауап беруге дайын»,- деп қуаттады.

Әл-Абадидің бұл сөздері Түркия  әскерінің  өз күштері мен әскери техникасын Ирак шекарасына жақын Шарнақ облысының Силупи аймағына орналастыруына реакция білдіру болып табылады. Түркияның әскери басшылары Францияның ақпарат агенттігіне шамамен 30 танкісі мен артиллериясы бар керуенінің сейсенбі күні Ирак шекарасына жақын жерде орналасқаны туралы хабарлады. Түріктердің іс-әрекеттері көршілес елді құрметтеуге қайшы Түркия Президенті Реджеп Тайып Эрдоған үкіметінің саясаты аймақ пен әлемде бейбітшілік пен қауіпсіздік орнатпайды. Түркияның Иракқа қатысты дипломатиясы екі көрші елдің мүдделеріне сай емес, Бағдат пен Анкара қайшылықтарының күшеюінен тек дұшпандар ғана пайда көреді. Түркияның Ирак шекараларындағы әскери әрекеттері мемлекеттердің аумақтық тұтастығы мен егемендігін құрметтеу негіздеріне қайшы келеді және Ирак шекараларындағы  Түркия танктерінің орнатылуы бейбітшілік пен достық жолдауын жеткізбейді.

Түркия әскерінің әрекеттері Мосулға әскери күштер  аттандырғаннан кейінгі  Ирак үкіметіне қарсы түріктердің екінші түрткісі болды. 2015-ші жылдың соңында түрік әскерилерінің Мосулда орналасуы және олардың міндеттерін тағы бір жылға созу Ирактың ішкі істеріне араласу және бұл елдің аумақтық тұтастығын бұзу болып саналады. Ирак үкіметінің Түркияға қатысты бейбітшіл саясаты бұл елдің көршілес елге достығын білдіреді. Бірақ Анкара Бағдаттың бұл достығына мән бермей, қайшылық тудыру бағытында қадам басуда.

Ирак халқы түріктердің түрткілерін бұл елдің дұшпандығы санап, Түркия үкіметінің Мосулдағы әскери күштерін қайтармауын басқыншылық деп бағалауда. Қазіргі кезде Түркия үкіметінің әскери техникасын Ирактың шекараларына жақын жерде орналастыруы ирактықтардың осы бағалаулары бойынша анықталуда.

Ирак – шекаралары белгіленген және егемендікке ие мемлекет. Сондықтан шекаралардың тыныштығын бұзу және түрік әскерилерінің Мосулдағы Башиқе базасында орналасуы Ирактың ұлттық мүдделерін қорғау  негіздеріне сай Хайдер әл-Абадидың реакциясымен кезігуде.

Ирак ДАИШ-пен күрестің маңызды кезеңімен бетпе-бет келіп отыр. Мұндай жағдайда  ирактық күштердің тыныштығы мен Мосул мәселесіне шоғырлануы Ирак үкіметінің маңызды мәселесіне жатады. Ирактың ішкі саяси бірлігімен бірге Мосулдағы ДАИШ-пен күресу шебін нығайтатын сыртқы  қолдау да бар. Бірақ Ирак үкіметінің позицияларын әлсірететін Түркияның әрекеттері мен олардың Мосул мен шекаралардағы іс-қимылдары Ирактың мүддесіне сай емес.

 

 

 

 

Тегтер