Катарда экономикалық үнемдеу жобасы басталды
Катар әміршісі мұнайдың әлемдік бағасы құлдырауының салдарларына тосқауыл қою үшін осы елде тұтыну мәдениеті өзгеруі керектігін мәлімдеді.
Катар әміршісі Хамад бин Халифа әл-Тани алдағы 5 жылдың экономиалық басты бағдарларын жариялап: «Үкіметтік бюджетке қысым азаюы үшін кейбір бөлімдер, соның ішінде денсаулық сақтау және білім жекеменшік бөлімге тапсырылады.
Катар үкіметінің барлық нәрсені қамтамасыз етуге шамасы жетпейді. Осы елдің жастары түрлі кәсіптерді меңгеруі керек» деді.
Катар 15 жылдан кейін бюджет тапшылығына душар болып отыр. Осы елдің 2016 жылғы бюджет тапшылығы 12 млрд долларға жетеді.
Сауд Арабиясының Иран мен Ресей экономикасына соққы беру мақсатындағы мұнай саласындағы астыртын әрекеті Сауд Арабиясының өзі мен Парсы Шығанағы өңіріндегі елдерге зиян келтірді. Катар да осы ережеден тыс қалмады. Осы елдер жаңа жылда қатты бюджет тапшылығына душар болып отыр.