Лариджани Ливан президентінің сайлануымен құттықтады
(last modified Thu, 03 Nov 2016 08:22:13 GMT )
Қар 03, 2016 14:22 Asia/Almaty
  • Лариджани Ливан президентінің сайлануымен құттықтады

Иран Ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы Мишель Аунның Ливан президенті болып сайлануына орай құттықтады.

Мәжілістің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Иран Ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы Әли Лариджани Ливан мәжілісінің төрағасы Набих Берримен телефон арқылы сұхбатында осы елдің парламент депутаттарының Ливан президентін сайлаудағы маңызды рөліне тоқталып: "Ливан мәжілісі мен депутаттарының парасаттылығы мен хабардарлығы президент сайлау мәселесін шешуде тікелей ықпал етті. Ливан президентінің сайлануы қарсыласу күштерінің бірлігінің үндеуін жақсы көрсетеді. Осы тарихи сайлаудың Ливан мен аймаққа оң әсерлері болады" деді. 

Ливан мәжілісінің төрағасы Иран Ислам революциясының жетекшісі, Ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы мен мүшелеріне алғыс білдірумен қатар: "ИИР-ның Ливан халқы, мәжілісі мен үкіметін қолдаудағы рөлі теңдессіз әрі алғыс айтуға тұрарлық. Ливан президентінің сайлануы бұрынғы кезде де, қазіргі кезде де тек ішкі топтардың бірлігінің ғана Ислам үмбеті мн Ливан халқына сионистік режимнің ашкөзділігіне төтеп беруге көмектесе алатынын көрсетті" деді.