Ливанның жаңа үкіметін құру үшін Саад Харири сайланды
(last modified Thu, 03 Nov 2016 16:41:20 GMT )
Қар 03, 2016 22:41 Asia/Almaty
  • Ливанның жаңа үкіметін құру үшін Саад Харири сайланды

Ливан президенті генерал Мишель Аун «әл- Мостақбал» ағымы партиясының төрағасы Саад Харириді премьер-министрі ретінде ұсынып, оған Ливанның жаңа үкіметін құру міндетін жүктеді.

Генерал Аун кеңесшілерінің көмегімен мүмкіндігінше тез арада Ливанның жаңа үкіметін Саад Хариридің үкіметті басқаруымен құруды ұйғарып отыр. Осы бағытта Парламент төрағасы әрі «Даму және азат ету» фракциясының төрағасы Набих Берри бейсенбі күні таңертең Ливанның жаңа президенті генерал Мишель Аунмен президент сарайында кездесуден кейін Саад Харириді жаңа үкімет басшысы ретінде қолдады.